CUI YIWEN

Бас директордың орынбасары – қаржы директоры

Функционалдық міндеттері:

Серіктестіктің қаржы, несие және салық саясатын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және бақылайды. Қаржы, бухгалтерлік, салық және басқару есебін басқарады, өзара есеп айырысуларды, банктік және кассалық төлемдерді, қаржылық қарыздарды алуды, Серіктестіктің кепілдіктерін беруді және өтеуді жүзеге асырады. Серіктестіктің тәуелсіз аудиті, шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептілігі мәселелерін үйлестіреді.

Қытай Халық Республикасының азаматы. 1986 жылы туған.

CUI YIWEN Ухань ғылым және технология институтын қаржылық менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған, сонымен қатар астаналық экономика және бизнес университетінде бухгалтерлік есеп магистрі дәрежесін бітірген.

Әр жылдар ішінде Пекинде есепші, бюджет менеджері, қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

«Семізбай-U» ЖШС-нде 2023 жылдан бері жұмыс істейді.

Қоса атқаратын жұмысы жоқ.