«СЕМІЗБАЙ-U» ЖШС-ның негізі «Казатаомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жасаған 2006 жылдың желтоқсан айында салынған. «СЕМІЗБАЙ-U» ЖШС құрудың негізгі мақсаты Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында орналасқан «Семізбай» уран кен орындарын игеру/өңдеу жобаларын жүзеге асыру болып табылады.
Семізбай кен орнындағы кеніштің құрылысы 2007 жылы басталып, 2009 жылы алғаш өнімі алынды.
2008 жылдың 1 қарашасынан бастап, «Семізбай- U» ЖШС қатысушыларының құрамына Қызылорда облысының Шиелі ауданында орналасқан Иіркөл кенішінің жарғылық капиталына енгізу арқылы «Тау-кен компаниясы» ЖШС кірді.
Сол жылы «Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited» («Сино-Каз») (49%) жауапкершілігі шектеулі Қытай Қомпаниясы 49% қатысу үлесін сатты. Серіктестіктің қатысушылары «Казатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ - 11%, «Тау-кен компаниясы» ЖШС - 40%, Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited» («Сино-Каз») - 49% атанды.
«Казатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ –на «Тау-кен компаниясы» ЖШС қосылғаннан кейін мажоритарлы қатысушының үлесі 51% құрады.