"Семизбай" кенішінің директоры
Функционалдық міндеттері:
"Семізбай" кенішіне басшылық жасайды, серіктестіктің мақсаттарын, міндеттерін, саясаты мен стратегиясын іске асырады, дайын өнімді ала отырып, ерітінділерді өндіру және қайта өңдеу, технологиялық параметрлерді мүлтіксіз сақтай отырып, кеніштің өндірістік қажеттіліктері үшін дайын өнім мен қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі өндірістік міндеттерді бақылауды жүзеге асырады және орындауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Азаматы. 1988 жылы туған.
Теменұлы Жомарт 2010 жылы Қ.и. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Гидрогеология" мамандығы бойынша бітірген және 2013 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінде "Экономика және бизнес"мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Семізбай кенішіндегі "Семізбай-U" ЖШС - де инженер-геотехнолог ретінде бастаған. Әр жылдары өндірістік цехтың бастығы, логистика департаментінің директоры, геотехнологиялық өріс процестерін оңтайландыру бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2024 жылдың мамыр айында "Семізбай"кенішінің директоры болып тағайындалды.
Жалпы жұмыс өтілі 14 жыл.