«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) 2019 жылғы 30 мамырда (GMT+6) жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 00 минутта, Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ., Е-10 к-сі, 17/12 үй, 3-қабат мекенжайында өткен акционерлердің жылдық Жалпы жиналысы (АЖЖЖ немесе Жиналыс) отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялады.
АЖЖЖ өткізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 болды, 2019 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша акционерлер тізіміне сәйкес дауыс беретін акциялардың жалпы саны 237 177 592 дананы құрады. АЖЖЖ-ға тіркелген және жиынтығында 234 090 872 жай акцияларға ие акционерлер мен олардың уәкілетті өкілдері қатысты, бұл компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 98,70% құрайды. АЖЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша акционерлердің дауыс беруі өткізіліп, шешімдер қабылданды.
Шешім |
Келісті |
% |
Қарсы |
% |
Қалыс қалды |
% |
|
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы |
234 090 872 |
100% |
нөл |
- |
нөл |
- |
|
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018 жылғы жылдық қаржылық (жеке және шоғырландырылған) есептілігін бекіту туралы |
234 090 872 |
100% |
нөл |
- |
нөл |
- |
|
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 1 (бір) жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы |
234 090 872 |
100% |
нөл |
- |
нөл |
- |
|
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды 2018 жылы қараудың нәтижелері туралы ақпарат |
234 090 872 |
100% |
нөл |
- |
нөл |
- |
|
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасының мүшелеріне 2018 жылы төленген сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат |
234 090 872 |
100% |
нөл |
- |
нөл |
- |
|
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
232 385 057 |
99.27% |
1,440,097 |
0.62% |
265,718 |
0.11% |
|
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы |
232 385 057 |
99.27% |
1,440,097 |
0.62% |
265,718 |
0.11% |
|
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру туралы |
220 704 121 |
94.28% |
нөл |
- |
13,386,751 |
5.72% |
2018 жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы
Акционерлер 2018 жылдың қаржылық көрсеткіштері негізінде 2018 жылғы пайдадан төленетін бір жай акцияға (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 308,46 теңге (үш жүз сегіз теңге, қырық алты тиын) сомасында дивиденд мөлшерін бекітті. Осылайша, дивидендтер сомасы шамамен 80 (сексен) млрд теңгені құрайды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу 2019 жылғы 17 маусымдағы жергілікті уақытпен 00 сағат 00 минуттағы (GMT+6) жағдай бойынша акционерлер тізілімінде тіркелген тұлғаларға 2019 жылғы 18 маусымнан басталады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазатомөнеркәсіптің ірі акционері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ұстанымына сәйкес, Айдарбаев Алик Серікұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, Директорлар кеңесінің мүшесі – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның мүддесін білдіруші өкілі болып Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы сайланды.
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарады, экономика ғылымының докторы. 2018 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ және «КОРЭМ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Бұған дейін ол «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының Төрағасы (2012 - 2018) болған.
Толық ақпарат алу үшін байланыс:
Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысының сұрақтары бойынша:
Майра Тынымбергенова, корпоративтік хатшы
Тел: +7 7172 45 81 63
Email: mtnymbergenovakazatomprom.kz
Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:
Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы
Тел: +7 7172 45 81 69
Email: irkazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:
Торғын Мұқаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: prkazatomprom.kz
Powerscourt – Лондон (Giles Read)
Тел: +44 20 7250 1446
Email: Kazatomprompowerscourt-group.com
Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі табиғи уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізіндегі табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ уранның саладағы аса ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындарының барлығы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, олар денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен құралдарына айрықша назар аудара отырып, жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері – атом қуатын өндіруші операторлар, ал өнімін шығаратын негізгі экспорттық нарығы – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа елдері. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Trading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.
Толығырақ ақпарат компанияның интернет-ресурсында: http://www.kazatomprom.kz
Келешекке қатысты мәлімдемелер
Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.
Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ - ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.