Астанада Қазатомөнеркәсіптің XVII Спартакиадасы басталды

Бүгін Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының XVII Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жыл сайынғы спорт додасының ашылу салтанатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев қатысушыларды спорт сайысының басталуымен құттықтады.  

«Спорттық жігер – бізді салауатты өмір салтын ұстанып, спортта да еңбекте де жаңа жетістіктерге, жеңістерге жетелейтін компаниямыздың мінез-құлқы. «Самұрық-Қазына» Қорының Спартакиадасында алдымызға жан салмай, екі жыл қатарынан чемпион атануымыз соған бірден бір дәлел. Биылғы спорт додасы да компаниямыздың спортшыларының кезекті жарқын жеңістеріне негіз болсын деген ниеттемін. Спартакиаданың барлық қатысушыларына тек сәттілік, құштарлық және жарқын әсерлер тілеймін. Ең мықты дегендер топ жарып, алтыннан алқа тақсын!», -деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Дәстүрлі спорт шарасында ұлттық атом компаниясының еншілес кәсіпорындары орналасқан барлық аймақтар мен қалалардан келген атом саласының қызметкерлері күш сынасады. 

Спорттық сайыстар 21-25 тамыз күндері аралығында Астана қаласының әр-түрлі спорт кешендерінде өткізілмек. Атомшылар мини-футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, жеңіл атлетика және армрестлинг сияқты спорттың 8 түрі бойынша додаға түсіп, бес күн ішінде мықтыларды анықтайды. Биылғы спорттық сайыстар бағдарламасына қол күшін сынайтын жаңа спорт түрі - армрестлинг қосылды. 

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының XVII жыл сайынғы Спартакиадасы 25 тамыз күні жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Спартакиада бүгінде 26 мыңнан астам адам еңбек ететін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның маңызды корпоративті іс-шарасы ретінде жыл сайын өткізіліп тұрады. Спорт сайыстары Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің салауатты да белсенді өмір салтын ұстанатындықтарын көрсетумен қатар, қоғамда бұқаралық спорт идеяларын насихаттаудағы ұлттық компанияның үлесін еселей түседі. Сол сияқты, Спартакиада орналасқан жері мен атқаратын қызметіне қарамастан кәсіпорын қызметкерлері арасындағы өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыруға және корпоративті мәдениетті нығайтуға қызмет ететін болады.

 фоторепортаждар   

https://www.facebook.com/kazatomprom.kz/