«Иіркөл» филиалының директоры
Функционалдық міндеттері:
«Иркөл» филиалын басқарады, Серіктестіктің мақсаттарын, міндеттерін, саясаты мен стратегиясын жүзеге асырады, уран өндіру, өңдеу және өндірістік нысанда дайын өнімді шығару процестерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылайды, өндірістік процестерді жүзеге асыруда қауіпсіздік, радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғауды бақылайды.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1969 жылы туылған.
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша 1993 жылы бітірген.
Еңбек жолын РУ-6 мекемесінде 1993 жылы бұрғылау қондырғысының машинистінің көмекшісі болып бастады. 1993 жылдан 2010 жылға дейін қысқа үзіліспен «РУ-6» ЖШС-де учаске шебері, аға бригадир, геотехнологиялық кен орны учаскесі бастығының орынбасары, геотехнологиялық кен орны учаскесінің бастығы қызметтерін атқарды. 2010 жылдың сәуір айында «Семізбай-U» ЖШС-не «Семізбай» кенішінің бас инженері, 2011 жылы «Семізбай» кенішінің директоры болып тағайындалды. 2017 жылдың ақпан айынан бастап Иіркөл филиалының директоры болып тағайындалды
I дәрежелі «Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері» Құрмет белгісімен, «Шапағат» мемлекеттік наградасымен марапатталған.