Ақпараттық хабарлама

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі -Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) үстіміздегі жылғы 8 қыркүйекте Түркістан облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан учаскеге патрульдік шолу жасап жүрген «Qorǵan-Security» ЖШС (Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны) жедел әрекет ету тобының күзетші-жүргізушісі Б.А. Байгел қаза тапқанын хабарлайды.

Күзет кәсіпорнының қызметкері ауысымға шығар алдында ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтіп, қарсы көрсетілімдері болмаған соң жұмысқа жіберілген.

Қазіргі уақытта соңы өліммен аяқталған ЖКО фактісі бойынша тексеру басталып, уәкілетті мемлекеттік органдар тергеу жүргізіп жатыр.

Қазатомөнеркәсіп басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ұлттық атом компаниясы мен кәсіпорын тарапынан Б.А. Байгел отбасына барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетіледі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ GR және PR департаменті