«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы 3-тоқсандағы қызметінің операциялық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») 2021 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған 3-тоқсан мен 9 айдағы қызметтің операциялық нәтижелерін жариялайды.

Бұл жарияланым уран өнеркәсібіндегі соңғы оқиғалардың жиынтығын, 2021 жылғы 3-тоқсан мен 9 айдағы операциялық қызметтің негізгі нәтижелеріне қатысты алдын ала ақпаратты, сондай-ақ Компанияның 2021 жылға арналған расталған болжамды көрсеткіштерін білдіреді. Қызметтің осы операциялық нәтижелері жөніндегі ақпарат түпкілікті емес және өзгертілуі мүмкін.

Нарыққа шолу

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі – «АЭХА» немесе «Агенттік») 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған өзінің соңғы болжамын жариялады, онда атом энергетикасы климаттың өзгеруіне қарсы күресте энергияның қазбалы көздеріне тәуелділікті тиімді төмендетуге қабілетті энергия өндірудің сенімді және таза көзі ретінде қаралады. АЭХА Бас директоры Рафаэль Мариано Гроссидің айтуынша, «АЭХА-нің жаңа болжамдары ядролық энергияның көміртегі шығарындылары төмен энергия өндіруде таптырмайтын рөл атқаратынын көрсетеді». Агенттіктің әлемдік ядролық энергия өндірушілерге қатысты 715 ГВт дейінгі өсуді шамалаған бұрынғы болжамы 10%-дан сәл артық ұлғаю жағына қарай қайта қаралды және жаңа оптимистік сценарийге сәйкес әлемдік ядролық өндіруші қуаттар 2050 жылға қарай екі еселенеді және 2020 жылы тіркелген 393 ГВт көрсеткішпен салыстырғанда 792 ГВт құрайды деп күтілуде. АЭХА-нің оптималды сценарийіне сәйкес 2050 жылға қарай ядролық қуаттардың екі есеге жуық ұлғаюы күтілуде, бұл халықаралық энергетикалық агенттіктің «2050 жылға қарай нөлдік шығарындылар: жаһандық энергетикалық сектор үшін жол картасы» жарияланымында бұрын ұсынылған болжамдарына сәйкес келеді. АЭХА есебінің төменгі сценарийі 2050 жылы әлемдік ядролық қуаттар қазіргі деңгеймен салыстырғанда іс жүзінде өзгеріссіз қалуы мүмкін деп болжайды.

Жаңа көшбасшы, премьер-министр Фумио Кисида бастаған Жапонияның билеуші Либералдық-демократиялық партиясы елдегі ядролық реакторларды қосымша қайта іске қосу мәселесінде өзінің қолдауын растады. Бұрынғы премьер-министр Есихиде Суга кезінде әзірленген Жапонияның жаңа базалық энергетикалық жоспарына сәйкес 2030 жылы ядролық генерацияның үлесі 20-22%-ды құрайды.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон өз үкіметінің 2035 жылға қарай Ұлыбританияның энергетикалық жүйесін декарбонизациялауға деген міндеттемесін растады. Ұлыбритания үкіметі өз күш-жігерін отандық жаңа буын технологияларын, соның ішінде ядролық, жел, күн, Сутегі энергиясын және көміртекті ұстап алу, кәдеге жарату және сақтау технологияларын (CCUS) орналастыруға бағыттайды деп күтілуде.

Франция президенті Эммануэль Макрон көміртегі шығарындыларын азайтуға және 2030 жылға қарай Францияны жасыл энергетика, денсаулық сақтау, цифрлық және биотехнология сияқты салалардағы инновациялардың әлемдік көшбасшысына айналдыру мақсатында елдің өнеркәсіптік секторын жандандыруға бағытталған 30 миллиард еуро көлеміндегі инвестициялық жоспарын жариялады. Ядролық қалдықтарды басқаруды жақсартқан шағын модульдік және инновациялық ядролық реакторларды әзірлеуге 1 миллиард евро бөлінетіні атап өтілді.

АҚШ-та губернатор Дж. Б. Притцкер Иллинойс штатының жан-жақты энергетикалық заңнамасы – Климат және жұмысқа орналасу теңдігі туралы заңға қол қойды, бұл мемлекеттен шығарындыларды 2038 жылдан кешіктірмей 45%-ға қысқартуды және 2045 жылға қарай энергетикалық сектордағы шығарындылардың 100% нөлдік деңгейіне қол жеткізуді талап етеді. Заң алдағы бес жыл ішінде 700 миллион АҚШ долларына жуық жаңа мемлекеттік субсидияларды қарастырады, бұл мерзімінен бұрын тоқтау қаупі төнген Exelon корпорациясының Байрон және Дрезден атом электр станцияларын пайдалануды жалғастыруға, сондай-ақ Брейдвуд АЭС-ін одан әрі қолдауға мүмкіндік береді.

Үшінші тоқсанда сұраныс жағынан бірқатар маңызды оқиғалар болды:

  • 2021 жылдың қыркүйегінде Emirates Nuclear Energy Corporation еншілес компаниясы NAWAH Energy Company АЭС пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша Барак АЭС №2 блогындағы APR-1400 реакторының БАӘ электр желісіне сәтті қосылғаны туралы хабарлады.
  • Қытай Ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) Шығыс Қытайдағы Чжэцзян провинциясындағы Циншань АЭС №1 блогы, елдің ең көне ядролық реакторын пайдалануға берілген лицензияның қолданылу мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді. Ұзартылған лицензияға сәйкес қуаты 350 МВт CNP-300 қысымды су реакторы (PWR) 2041 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істейтін болады.
  • Endesa және Iberdola компанияларына тиесілі Испанияның Таррагона қаласындағы Аско АЭС №1 және №2 энергия блоктары лицензияларын 10 жыл мерзімге ұзартуға ие болды. №1 блоктың жұмысы 2030 жылғы қазанға дейін ұзартылды, ал №2 блок лицензиясының қолданылу мерзімі 2031 жылғы қазанға дейін созылды. Испаниядағы жұмыс істеп тұрған бес АЭС-тің бірі саналатын Аско АЭС-і қуаты 1030 МВт-тық қысыммен жұмыс істейтін екі ядролық реактормен (PWR) жабдықталған.
  • Taiwan Power Company компаниясының деректері бойынша қуаты 985 МВт болатын екі қайнаған BWR-6 су реакторларымен жабдықталған Куошен АЭС №1 блогы 40 жыл бойы электр энергиясын қауіпсіз өндіргеннен кейін 2021 жылғы шілдеде пайдаланудан шығарылды. АЭС-тің екінші блогы оның 40 жылдық лицензиясының мерзімі аяқталатын 2023 жылдың наурызына дейін жұмыс істейтін болады деп жоспарлануда.
  • Пәкістанның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясы тамыз айында 125 МВт-тық CANDU реакторымен жабдықталған алғашқы Карачи атом электр станциясының 49 жылдық жұмысынан кейін тоқтатылғанын мәлімдеді. Реактордың тоқтауы осы жылдың басында 1100 МВт қытайлық HPR1000 реакторымен жабдықталған Карачи АЭС екінші блогының іске қосылуынан кейін болды.

Үшінші тоқсанда уран өнімінің әртүрлі түпкі тұтынушылары тарапынан сұранысқа қатысты хабарландырулардан басқа, «дәстүрлі емес сұранысты» білдіретін физикалық уранды сақтауға шоғырланған қаржылық инвестициялық компаниялар тарапынан қызығушылықтың артуы салдарынан белсенділік байқалды. Ең маңызды оқиға Sprott Asset Management LP корпорациясының Uranium Participation Corporation (UPC) корпорациясын шілде айында сатып алуы және кейіннен Торонто Қор Биржасында Sprott Physical Uranium Trust (SPUT) компаниясының листингі болды. UPC-тің қолда бар 18,1 млн фунт U3O8 көлеміндегі қорлары SPUT-ке өтті, ол мүдделі инвесторлар түскен қаражатты пайдалана отырып, инвестициялық пайларды нарықтық бағамен тұрақты негізде орналастыру арқылы ол агрессивті, жалғасып жатқан сатып алу науқанына кірісті. SPUT өзінің инвесторларынан қысқа мерзімді және орта мерзімді нарықтардан бастапқы өндірістен, сондай-ақ екінші жеткізілім көздерінен материал сатып алу үшін 1,3 миллиард долларға дейін қаржы тарта алатын орналастыру тоқсанның соңына дейін 11 миллион фунт U3O8 сатып алуды қаржыландыруға мүмкіндік берді. UPC сатып алу нәтижесінде алынған уранды ескере отырып, SPUT-тің жалпы қоры 2021 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 29 миллион фунт U3O8 құрады.

Сонымен қатар, «дәстүрлі емес сұраныс» саласындағы оқиғаларға Британдық Yellow Cake Plc компаниясының қысқа мерзімді нарықтағы сатып алулары жатады, нәтижесінде үшінші тоқсанда компанияның уран қоры 2,5 миллион фунт U3O8-ге артып, жалпы қолда бар көлемді 14 миллион фунт U3O8-ге дейін арттырды.

Үшінші тоқсан аяқталғаннан кейін:

  • SPUT компаниясы қосымша акционерлік капиталды тарту есебінен қазан айында қысқа мерзімді нарықта өзінің қорларына қосымша 6 миллион фунт уран қосып, физикалық уран сатып алуды жалғастырды.
  • Yellow Cake Plc сондай-ақ шамамен 3 миллион фунт U3O8 (Қазатомөнеркәсіптен 1 миллион фунт және Curzon Uranium Limited-тен 2 миллион фунт) көлемінде қосымша материал сатып алу үшін шамамен 150 миллион АҚШ долларын тарту үшін акциялар орналастырылғаны туралы хабарлады.
  • Қазатомөнеркәсіп «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында құрылған ANU Energy OEIC Ltd. (бұдан әрі – «ANU Energy» немесе «Қор») қорына инвестиция салу туралы шешімін жариялады. Қордың мақсаты – физикалық уранды ұзақ мерзімді инвестициялар ретінде сақтау, оны бастапқы сатып алу Қазатомөнеркәсіп – 48,5%, «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ – 48,5% және Genchi Global Limited (қор менеджері) - 3% инвестициялайтын 50 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі қор құрылтайшыларының бірлескен инвестициялары есебінен жүзеге асырылатын болады. Қызмет басталғаннан кейін 500 миллион АҚШ долларына дейінгі мөлшерде қосымша инвестициялар тарту көзделіп отыр. Бұл ретте, ANU Energy дамушы нарықтарға, әсіресе экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару (ESG) мәселелеріне және таза энергияға назар аударатын инвесторларға тікелей қолжетімділікті қамтамасыз ететін алғашқы уран қорына айналады.

Үшінші тоқсанда жазғы кезеңге тән ұсыныс жағынан маңызды оқиғалар болған жоқ.

Нарықтағы белсенділік және баға белгілеу

Споттық нарық жаз айларында әдетте тыныш болғандықтан, үшінші тоқсанның бірінші жартысында белсенділік төмен болды, ал спот бағасы U3O8 фунты үшін 30 доллардан сәл жоғары болды. Алайда, Sprott Physical Uranium Trust-тің құрылып, жұмыс бастауымен жағдай өзгерді. Тамыздың екінші жартысында, сондай-ақ қыркүйекте уран сатып алу мақсатында нарыққа күн сайын дерлік шығу спот бағасының күрт өсуіне ықпал етті, өйткені қысқа мерзімді нарықта уран ұсынысы нарықтың көптеген қатысушылары күткеннен тезірек қысқарды. Спот бағасының айтарлықтай өсуі қатарынан бес аптаға созылды және қыркүйектің екінші жартысында спот бағасы U3O8 фунты үшін 50 АҚШ долларынан асты. Осыдан кейін, қор нарықтарындағы белгісіздік салдарынан споттық белсенділік айтарлықтай баяулады, бұл тоқсанның аяғында споттық бағаның шамамен U3O8 фунты үшін 43,00 АҚШ доллары деңгейіне дейін төмендеуіне әкелді.

Сыртқы көздердің дерегіне сәйкес, 2021 жылдың алғашқы тоғыз айында спот-транзакциялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% жоғары болды. Транзакциялар көлемі U3O8 фунты үшін 31,96 АҚШ доллары орташа апталық спот бағасымен шамамен 70,9 млн фунт U3O8 (27 300 тонна уран) құрап, 2020 жылдың алғашқы тоғыз айымен салыстырсақ U3O8 фунты үшін 29,56 АҚШ доллары орташа апталық спот бағасымен шамамен 65,1 млн фунт U3O8 (25 000 тонна уран) құрады.

Сыртқы көздердің деректері бойынша 2021 жылдың алғашқы тоғыз айында ұзақ мерзімді нарықтағы транзакциялар көлемі шамамен 52,5 млн фунт U3O8 (20 200 тонна уран) құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде шамамен 39,0 млн фунт U3O8 (15 000 тонна уран) болған еді. 2021 жылғы 9 айдағы ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша нарықтық белсенділіктің 35%-дық ұлғаюы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда U3O8 фунты үшін 7,50 АҚШ долларына ұзақ мерзімді бағаның айтарлықтай өсуіне алып келді, ол үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша бес жылдық максимумға жетіп, U3O8 фунты үшін орта есеппен 42,50 АҚШ долларын құрады.

Компания оқиғалары

Covid-19 жағдайы

Шілдеде Қазақстанның кейбір бөліктерінде жаңа «дельта» штаммын жұқтыру жағдайларының көбеюі байқалды, алайда тамыздың екінші жартысында жағдай тұрақталып, мемлекеттік органдар тарапынан енгізілген шектеулер ішінара әлсіреді. Компания Сovid-19-ға байланысты жағдайдың мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады, барлық қолданыстағы хаттамалардың өзектілігі мен тиімділігін қамтамасыз ете және пандемия кезінде денсаулыққа байланысты тәуекелдерді барынша азайтып, 2021 жылы бүкіл Топтың жұмысын қамтамасыз етеді. Қызметкерлер арасында Covid-19 жағдайы анықталған кезде Компания және оның еншілес ұйымдары инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында проактивті де, алдын алу шараларын да қабылдайды, бұл ретте вирус жұқтырған қызметкердің денсаулығына, қажет болған жағдайда, тиісті медициналық көмек көрсете отырып, тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Вакцинация статусының мониторингі күнделікті негізде жүргізіледі, бұл ретте Компанияның вакцинация деңгейі ел бойынша орташа мәннен жоғары (2021 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның толық вакцинацияланған халқының үлесі шамамен 40% - ды құраған). Бүгінгі күні әрбір өндіруші еншілес кәсіпорын вакцинаның бірінші компонентін алып, иммундаумен қамтудың 90%-дық шебінен өтті, ал кейбір кәсіпорындарда 100%-дық көрсеткішке қол жеткізілді. Тұтастай алғанда, Топ бойынша, Компанияның корпоративтік орталығы мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарын қоса алғанда, 2021 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша бірінші қомпонентпен қызметкерлердің 92%-ы (17 962) вакцинацияланып, 89%-дан астамы толық вакцинацияланды.

Компания Басқармасы

Қыркүйекте мәлім етілгендей, Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Басқарма төрағасы өкілеттігін (2021 жылғы 27 тамыз) тоқтатқаннан кейін, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің шешімімен Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов Компания Басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Директорлар кеңесі мақұлдаған Компания басшылығының құрамындағы кейбір басқа да өзгерістер туралы қосымша хабарланды (барлық өзгерістер жайлы бұрын мәлімдеме жасалынды). Басқарма мүшелерінің құрамы мен толық өмірбаяны Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kazatomprom.kz.

«MK «KazSilicon» ЖШС сату

Үстіміздегі жылдың 20 қазанында мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «MK «KazSilicon» ЖШС-тің 100% қатысу үлесін сату бойынша электрондық аукцион өткізілді. Аукцион «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық сауда-саттық өткізу Регламентіне сәйкес өткізілді. «MK «KazSilicon» ЖШС бағалау құнын «Үлкен төрттік» компанияларының тәуелсіз консультанты айқындаған және ол 240 млн. теңгені құрайды. Аукцион хаттамасына сәйкес жеңімпаз өтінімнің бағасы 651 903 917 теңгені құрады. Кәсіпорынды сату Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылғы 3-тоқсандағы операциялық қызметінің нәтижелері1

 

30 қыркүйекте аяқталған үш ай

30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай

 

(U3O8, түріндегі уран мың тоннада, егер басқасы көрсетілмесе)

2021

2020

Өзгеріс

2021

2020

Өзгеріс

Өндіріс көлемі (т. уран) (100% негізде)2

5 508

4 657

18%

15 960

15 091

6%

Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) (т. уран)3

2 928

2 518

16%

8 792

8 309

6%

Топ бойынша сату көлемі (т.уран)4

2 215

5 638

-61%

8 409

9 857

-15%

ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген) (т.уран)5

1 619

4 975

-67%

6 798

8 724

-22%

ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы (АҚШ долл. / фунт U3O8)6*

31,68

30,45

4%

29,99

29,58

1%

Айдың соңындағы спот бағаларының орташа бағасы (АҚШ долл. /фунт U3O8)7*

35,98

31,08

16%

31,96

30,00

7%

1 Барлық мәндер алдын-ала жасалған.
2 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді. Өндірістің нақты нақты көлемдері Конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
3 Өндіріс көлемі (қатысу үлесіне барабар): Компанияның қатысу үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған өткізу туралы келісімге сәйкес айқындалатын «Инкай» БК-дағы өндіріс көлемін қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша әріптестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлікті қамтымайды. Өндірістің нақты нақты көлемдері Конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге және аяқталмаған өндіріс үшін түзетуге жатады.
4 Топ бойынша сату көлемі: Қазатомөнеркәсіпті және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарын (ҚАК олардың кірістілігіне елеулі әсер ететін тиісті қызметті басқару өкілеттіктерінің, (ii) осындай субъектілермен оның қатысуынан түсетін кірістердің ықпалының немесе өзгеру құқығының және (iii) топ пайдасының мөлшеріне әсер ету үшін осындай субъектілерге өз өкілеттіктерін пайдалану қабілетінің болуы жолымен бақылайтын компанияларды) сатуды қамтиды. Елеулі ықтимал дауыс беру құқықтарын қоса алғанда, негізгі құқықтардың болуы мен ықпалы ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі).
5 ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): ҚАӨ мен KazakAtom AG (THK) сауда үйінің қорытынды сыртқы сатуларын ғана қамтиды. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
6 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ мен THK қорытынды сыртқы сату үшін уран концентратының бір фунты үшін орташа өлшенген баға. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген.
7 Дереккөз: UxC LLC, TradeTech. Бағалар-бұл UxC және TradeTech уран спот бағасының орташа бағасы, ай сайын әр апта үшін спот бағасының орташа мәні емес, өйткені келісім-шарт бағасының шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты.
* Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

2021 жылдың тоғыз айында өндіріс көлемі қатысу үлесіне барабар және 100%-дық негізде 2020 жылдың ұқсас кезеңінен жоғары болды, бұл ретте үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында осы көрсеткіштер 2020 жылы пандемия кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларға және соның салдарынан өткен жылдың екінші жартыжылдығында өндірістің төмендеуіне байланысты 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болды. Осылайша, 2020 жылы өндіріс көлемі өте төмен болды.

2021 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы Компанияның да, шоғырландырылған да сату көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеді, бұл клиенттердің жеткізілімге деген сұраныстарының түсу мерзіміне және 2020 және 2021 жылдардағы жеткізілім кестесіндегі сәйкес айырмашылықтарға байланысты болды. Компания бір жылға сату болжамын жасайды, бірақ клиенттер күнтізбелік жыл ішінде жеткізудің нақты күндерін көрсете алады. 

Уранның споттық бағасының өсуі Қазатомөнеркәсіптің орташа сату бағасына оң әсер етті, ол 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсті. Егер үстіміздегі жылдың соңына дейін споттық бағалар 2020 жылдың деңгейінен жоғары қалса, сату бағасының өсу үрдісі сақталады деп күтілуде, бұл ретте Компанияның жеткізулері 2021 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылға арналған болжамдары

(1 АҚШ доллары 430 теңге бағамымен)

2021

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі

(100% негізде), тонна 1

21 700 – 22 0002

(бұрын

22 500 – 22 800)

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі

(қатысу үлесіне барабар), тонна 3

11 800 – 12 0002

(бұрын

12 100 – 12 400)

Топтың сату көлемі, тонна 4 (шоғырландырылған)

16 300 – 16 800

(бұрын

15 500 – 16 000)

оның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна 5

13 500 – 14 000

Топтың жалпы түсімі (қаржылық есепке сәйкес)6, млрд. теңге

660 – 670

(бұрын 620-640)

оның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша)6, млрд. теңге

540 – 560

Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1), АҚШ долл. / фунт*

$9,50 – $10,50

(бұрын

$9,00-$10,00 )

Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша, AISC), АҚШ долл./ фунт*

$13,50 – $14,50

(бұрын

$13,00-$14,00)

Күрделі шығындар (100% негізде), млрд. теңге 7

90 – 100

1 U3O8 түріндегі уран тоннасының өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді.
2 COVID-19 пандемиясының ұзақтығы мен толық әсері әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі біздің күткенімізден өзгеше болуы мүмкін.
3 U3O8 нысанындағы уран тоннасын өндіру көлемі (иелену үлесіне барабар): Компанияның иелену үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған өткізу туралы келісімге сәйкес айқындалатын «Инкай» БК қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушылар бойынша қалған бөлікті қамтымайды.
4 Топтың сату көлемі: Қазатомөнеркәсіпті және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді кәсіпорындарын сатуды қамтиды. Өткізу көлемі 2021 жылғы 4-тоқсанда жеткізілуі күтілетін төмен байытылған UF6 нысанындағы шамамен 225 тонна уран баламасын қамтымайды.
5 Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек Компанияның және THK-ның қорытынды сыртқы сатылымдарын қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген. Сату көлемі 2021 жылғы 4-тоқсанда жеткізілуі күтілетін төмен байытылған UF6 нысанындағы шамамен 225 тонна уран баламасын қамтымайды.
6 Болжамды түсім 2021 жылы уранды (шоғырландырылған) өткізу бойынша күтулердің өзгеруін ескере отырып ғана жаңартылды. Болжамды түсім белгілі бір кезеңде бөгде көздерден алынған уранның бағасы туралы болжамға негізделген. Баға Қазатомөнеркәсіптің қандай да бір ішкі бағасын көрсетпейді және 2021 жылғы түсімге уранның нақты бағасы мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамы бөгде көздердің бағаларынан қаншалықты ерекшеленетініне елеулі дәрежеде әсер етуі мүмкін.
7 Күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды.
* Назар аударыңыз, кг-ны U3O8 фунтына ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

Тау-кен дайындық жұмыстарын жүргізудегі кідірістерге байланысты Компанияның 2021 жылға дайын өнім шығару көлемі бойынша болжамдары төмендеді. Пандемия бүкіл өндірістік жеткізілім тізбегіне әсер етті, бұл негізгі материалдар мен жабдықтардың (реагенттер, құбырлар мен сорғылардың белгілі бір түрлері, мамандандырылған жабдықтар, бұрғылау қондырғылары) жетіспеуіне әкеліп соқты және операциялық кестелерге теріс әсер етті. 100% негізінде өндіріс көлемі келесі деңгейде күтілуде 21 700 – 22 000 (бұрын 22 500 – 22 800), ал қатысу үлесіне пропорционалды – 11 800 – 12 000 (бұрын 12 100 – 12 400).

Жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін өндірістік жеткізу тізбегіндегі кідірістер болашақ кезеңге шамамен 800 тонна уранның (100% негізде) ығысуына әкелді және кеніштің өмір сүру мерзімі ішінде өндіру тапшылығы толықтырылады деп күтілуде, дегенмен, тапшылықты толтырудың нақты кезең белгісіз. Өндіріс көлемі мен кезең белгісіздігі қазіргі уақытта қажетті материалдар мен шикізат жеткізілімі мен қолжетімділік мәселелерінің қиындықтарымен байланысты.

Жылдық шоғырландырылған сату көлемі бойынша болжамдар бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестердің атына еншілес компаниялардың қосымша сатуларына байланысты 16 300 – 16 800 (бұрын 15 500 - 16 000) ұлғайды. Компанияның жылдық сату көлемі бойынша болжамдары өзгеріссіз қалады.

«Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» көрсеткішіне қатысты болжамдар бір фунт үшін 9,50 – 10,50 АҚШ долларына дейін ұлғайды (бұрын бір фунт үшін 9,00 – 10,00 АҚШ доллары), ал «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша, AISC)» көрсеткіші бір фунт үшін 13,50 – 14,50 АҚШ долларына (бұрын бір фунт үшін 13,00 – 14,00 АҚШ доллары) дейін ұлғайды. Өсім 2021 жылы өндіріс көлемінің төмендеуіне және пандемия кезінде өндіріс материалдарының шектеулі жеткізілімі мен қолжетімділігі жағдайында өндіріс шығындарының жалпы өсуіне байланысты болды, бұл олардың құнының жалпы өсуіне әкеледі. Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша «Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» және «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша, AISC)» жеткізу тізбегінде және тау-кен-дайындық жұмыстарының кестесінде, сондай-ақ инфляцияның өндірістік материалдарға әсерін қоса алғанда, сатып алу мәселелерінде жағдай сақталған немесе шиеленіскен жағдайда жоғарыда келтірілген болжамдардан ерекшеленуі мүмкін.

Компанияның 2021 жылға арналған «Күрделі шығындар (100% негізде)» көрсеткішіне қатысты болжамдары өзгеріссіз қалады.

«Түсім», «Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1)», сондай-ақ «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (AISC)» сияқты көрсеткіштер теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы мен уранның споттық бағасы ескертпелерде келтірілген болжамдардан ерекшеленетін дәрежеде көрсетілген диапазондардан ерекшеленуі мүмкін.

Компания тек өз бақылауындағы операциялық көрсеткіштер мен ішкі өзгерістер бөлігіндегі қана болжамдарды (жылдық мәнде) жаңартуға ниетті екеніне назар аударыңыз. Айырбастау бағамдары және уранның бағасы сияқты сыртқы көрсеткіштер үшін пайдаланылатын негізгі жол берілімдер Компанияның бюджетін қалыптастыру кезінде бөгде көздердің деректері негізінде белгіленеді; мұндай жол берілімдер ерекше жағдайларда ғана жаңартылады.

Компания әлі де қорлардың (қоймалардағы қалдықтардың) мақсатты деңгейін сақтауға тырысады, ол Компанияның шамамен алты-жеті айлық өндіріс көлеміне пропорционалды түрде сәйкес келеді. Алайда, 2021 және 2022 жылдардағы қорлар (қоймалардағы қалдықтар) Covid-19 пандемиясы кезінде өндірістің кемуіне байланысты осы деңгейден төмен болуы мүмкін. Осылайша, үшінші тоқсан ішінде Компания спот нарығында материалды сатып алу бойынша бірқатар мәмілелер жасады және Компания өз қорларын оңтайландыру үшін мүмкіндіктерді іздеу мақсатында нарықтық жағдайды бақылауды жалғастырады.

Конференц-қоңырау өткізу туралы хабарлама (2021 жылғы 12 қараша)

Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы Мәжит Бейсенбайұлы Шәріпов пен Өндіріс жөніндегі жаңа бас директор Бөлекбай Аслан Берікұлын инвестициялық қоғамдастыққа таныстыру мақсатында конференц-қоңырау өткізуді жоспарлаған. Қоңырау орыс және ағылшын тілдеріне аударыла отырып, ZOOM платформасында онлайн форматта жүргізіледі.

Басталуы Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 17:00-де / сағат 11:00-де GMT уақыты бойынша/ сағат 06:00-де EST уақыты бойынша. Компания басшылығының баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын және орыс тілдерінде «сұрақ-жауап» сессиясы өтеді.

Осы қоңырау Басқарма төрағасы мен Өндіріс жөніндегі бас директорды таныстыру мақсатында өткізілетінін және Компанияның стратегиясына шолу жасалып, өндірістік мәселелер талқыланатынын ескеруді сұраймыз. Қазатомөнеркәсіп жылдық және жарты жылдық негізінде қаржы нәтежелерін ұсынып, талқылайды, ал осы қоңырау тоқсандық қаржылық нәтижелерді шолуды және талқылауды қамтымайды.

Қызығушылық танытқан қатысушылар қоңырауға келесі сілтеме бойынша қосыла алады:

https://zoom.us/j/99710280736?pwd=M3ltMndDb21MUFdiUGxCenNwOVk1Zz09

Идентификатор: 997 1028 0736

Пароль: HtfWr3

ZOOM конференциясына арналған халықаралық телефон нөмірлерін келесі сілтемеден табуға болады: https://zoom.us/u/ac4s3LFL4g

Конференц-қоңырау көрсетілімінің жазып алынған нұсқасы ол аяқталғаннан кейін көп ұзамай www.kazatomprom.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.