Обращение Генерального директора

Құрметті әріптестер!

«Семізбай-U» ЖШС сайтына қош келдіңіздер! Мұнда берілген ақпарат сізге пайдалы болады деп үміттенеміз, ал сайттың навигациялық жүйесі қажетті материалдарды іздеуде сенімді нұсқаулық болады.

Бұл ресурс біздің ақпараттық стратегиямыздың маңызды элементі болып табылады және оның міндеті — компанияның қызметі, болашақ жоспарлары, принциптері мен ортақ құндылықтары туралы сізді жедел, қолжетімді және дәйекті түрде хабардар ету.

Серіктестік жұмыскерлерге көптеген оқыту бағдарламалары, мансаптық өсу және әлеуметтік қолдау арқылы кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсына отырып, персоналды басқару жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударады.

Біздің компаниямыздың және тұтастай алғанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның негізгі басымдықтарының бірі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлеріміздің денсаулығын сақтау болып табылады, өйткені біздің Компанияның әрбір жұмыскері қауіпсіз еңбек жағдайларына құқылы. Біздің әрқайсымыздың денсаулығымыз бен әл-ауқатымыз қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысуымызға байланысты.

 

Құрметпен, Досанов Д. Б.

«Семізбай-U» ЖШС бас директоры